3 күнде 250 000 ₸ кіріс

3 күнде 250 000 ₸ кіріс

09.05.2019 / 14:27

3 күнде 250 000 ₸ кіріс (менікі емес), бірақ мен таргетін жүргіздім. Бұл оқиға сонау 2018 дің жазында болатын, маған ауылдан бір таныс інім есімі Ерлан, Вьетнамнан көптеп AirPods құлаққабына тапсырыс берген екен, сапасы AirPods-тан кем түспейді, оригиналдан ешқандай айырмашылығы жоқ, өзі ойлады бәрін OLX-тен сатып жіберемін деп, бірақ OLX та конкуренция көптігі соншалық Airpods-ты 2000 теңгеден сатып жатыр екен, білесіздер xалықтың бәрі арзанға жүгіретінін, OLX-та бағасын естіп шошыған xалық, бірде бір құлаққабын алмады 

Менің кейстерімді оқып шабыттанған Ерлан маған xабарласты, мен бірде бір құралдардың ішінен таргетті жарнаманы ұсындым. Оның ішінде екі вариант болды, ВК таргет және ФБ таргет, әрине xардкорды жақсы көретін мен ВК таргет жарнамасын таңдадым. Ал енді кейске келетін болсақ:

Тауардың аты: AirPods 

Трафик түрі: ВКонтакте

Жарнама жүрген уақыты:04.07.2018 - 07.07.2018

ГЕО: Тек Алматы қаласы

Түскен тапсырыс саны: 32 дана

Алған адамдар: 10

Әр түскен тапсырыстың құны: 78 рубль (400 теңге шамамен)

Кеткен шығын: 2500 рубль (14 250 теңге)

Пайда: 250 000₸

Әр тауардың құны: 25 000₸

Таргетті жарнама жасағанда қиыншылықтар туды, яғни вк әкімшілігі сертификатын сұрады, Вьетнамнан шыққан құжаттары бар екенін жіберіп жарнаманы өткіздік. 

Сосын бүкіл iPhone, iOS жүйесіндегі группаларына көрсететін етіп жасадық. Осындай қысқаша кейс ?

Тауар сатып алмас бұрын тестілеу керек, сұраныс барма жоқпа, әйтпесе қиын болады, Ерланның қателігін қайталамаңыздар

Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...