Инстаграмыңды бұғаттады ма? Сабыр сақта немесе 20 000 рубль төле!

Инстаграмыңды бұғаттады ма? Сабыр сақта немесе 20 000 рубль төле!

13.11.2019 / 15:33

Менің есімім Қуат Кубенов деп таныстыра кетейін, иә иә менде сен сияқты талай аккаунтымды Инстаграм аяусыз бұғаттап, көп рет бұғаттау (қазақша түсінбейтіндерге «Блокировка») алып жүрген жандарың бірімін. Тіптен бір күнде 100 шақты аккаунтым кетіп қалған кездерім де болды, бірақ ерінбей барлығын бұғаттан аман есен шығарып алдым. Соңғы уақытта екі аккаунтым кетіп қалып, қай жерден көмек сұрарымды білмей орыс ағаларымызға шығып едім, олар бір аккаунтты шығару үшін 20 000 рубль сұраған, бірақ менің қырсықтығым жібермей, бұғаттан шығарудың жолын өзім іздедім, ойласам бәрі оп оңай екен, бар жоғы 3-4 форманы толтырып жіберсеңіздер болғаны екен. Бірақ көптеген ньюанстары бар, бір компьютерден және бір ұялы телефоннан жібере беруге болмайды екен, сондықтан тап таза пәк телефон мен компьютер арқылы запрос жіберіңіздер. Мінеки менің жиған тергенім:

 

  1. Мына форма арқылы егер сіз лайк (накрутка арқылы), жазылушыларды сервистермен жинап бұғатталып қалсаңыз шығаруға болады:
    https://help.instagram.com/521372114683554
  2. Еш себепсізден бұғатталып қалсаңыз, мына форма арқылы бұғаттан шығарып алсаңыз болады:
    https://help.instagram.com/contact/1652567838289083
  3. Ал енді жесть, авария т.б трэш арқылы бұғатталып қалсаңыз мына форма сізге көмектеседі:
    https://help.instagram.com/contact/606967319425038
  4. Инстаграмда кешірілмес күнәнің бірі, авторлық құқық. Авторлық құқықпен бұғатталсаңыз мына форма сізге көмектеседі:
    https://help.instagram.com/contact/437908793443074
  5. +18, +21 тағысын тағы, порнографиялық материал салып бұғатталсаң мына форма саған көп көмек береді:
    https://help.instagram.com/219845904844678   

 

Сосын мына пошта арқылы инстаграмның техникалық бөліміне тікелей байланыса аласыз noreply@instagram.com

Қайта қайта жазыңыз, поштаңызды өзгертіп шыға беруге болады. Ол жерге не бүлдірдіңіз, соның барлығын шынайы жазып жіберсеңіз сіздің инстаграмыңызды ашып береді. Фейсбукте және инстаграмда таныстарым бар ақшаға ашып береді, инстаграм техникалық бөлімімен тікелей шығатын басқа жолы бар деген далбаса, қи тұрқы әңгімеге сенбей осы жолдардың барлығын қолданыңыз немесе инстграмның ережелерін бұзбай жүргенің абзал.

Бұл мақаламен достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз ;)

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...