Қай әлеуметтік желі арқылы көп табыс тауып немесе табысты қалай көбейтуге болады?!

Қай әлеуметтік желі арқылы көп табыс тауып немесе табысты қалай көбейтуге болады?!

13.11.2019 / 19:16

Алоха барлық ізденуші жандар және әлеуметтік желі арқылы табыс тапқысы келетіндер. Кім әлеуметтік желілер арқылы табыс тапқысы келмейді дейсің, бәрі тапқысы келеді әрине, көбі жолын таба алмай, интернетте ақша жоқ қолын бір сілтейтіндер де өте көп ;) Жік жікке бөліп түсіндіріп кетейін (вайнер мен видеоблогерлерді тізімнен алып тастаймын)

 

Дәл қазір 2019 да трендте болып жатырған мамандардың тізімі:

  1. SMM маманы (Instagram,VK т.б әлеуметтік желілер)
  2. Таргетолог
  3. Директолог, контекстолог
  4. Жеке блог (Instagram, VK, Telegram)
  5. MMM маманы - Message Media Marketing (Болашақ тренді)

 

SMM маманы - ең сүйікті ісім оның ішіндегі тематикалық парақшаларды басқару болып табылады, тематикалық парақшалармен сіз айына 300 000 теңгеден жоғары табуға мүмкіндігіңіз бар, егер дұрыс бағыт таңдап, халықты қызықтыратын оригиналды контентті салатын болсаңыз, айына миллиондаған теңгеден жоғары табыс табу мүмкіндігіңіз бар. Мекемелердің, кәсіпкерлердің жеке парақшасын әрлеп, оны басқару арқылы табыс табатын жандар да за емес, бұл мамандықты игеру үшін арнайы курстардан өтіп, қыр-сырын, фишкаларын үйренгеннен кейін мықты табыс табуға болады, SMM мамандарының орташа айлығы 200 000 теңгеден жоғары екенін біліп қойыңыз.

 

Таргетолог - өй таргетті интернеттен көріп жасай саламын деп айтушы еді А**** ханым, таргетолог көп - бірақ сапалы таргет жарнамасын жасаушылар өте аз екенін нарық енді сезіп келе жатыр. Таргетолог - маманын атану үшін, әрбір лидтің (тапсырыстың) арзан әрі сапалы болуы, жарнама креативінің дұрыстығы, копирайтинг сиқырлығын қолдануына, осы процесстің барлығына таргетолог ғана жауапты екенін сезінуі тиіс. Веб дизайнер, дизайнер, копирайтер бір ағза  немесе швейцариялық сағат сияқты жұмыс жасауы керек. Кәсіби таргетолог болу үшін, арнайы курс алып, білімін әрдайым өсіріп отырғаны абзал, өйткені Facebook, VK т.б апдейттері ай сайын емес, күніне өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпкерлерге де айтарым өз өзім демей, жарнамаңызды кәсіби таргетолог маманына тапсырыңыз, әрине егер қалтаңыз көтерсе. Дәл қазіргі таңда нарықта кәсіби таргетолог айына 200-300 000 теңге аралығында табыс табады.

 

Директолог, контекстолог - Google Ads жарнамасын біздің қазақ тілді кәсіпкерлер өте аз қолданады, өйткені көп кәсіпкерлерді контекстті жарнаманың бағасы өте қымбат т.б қорқынышты ертегімен қорқытып тастаған, арасында менде болғам ;) Бірақ кейін келе осы Google Ads жарнамасын зерттегенімде, барлығы керісінше болып шықты. Сондықтан Google Ads жарнамасына өз кәсібіңізді беруіңізге болады, ал егер контекстолог мамандығын игергіңіз келсе арнайы курстардан өтіңіз немесе біздің порталда тегін курстар парақшасында алғашқы фундаментін көріп қараңыз, контекстолог мамандығына сұраныс өте жоғары, нарықта контекстолог маманы орта есеппен айына  150 000 теңгеден жоғары табыс табады.

 

Жеке блог (Instagram, Facebook, VK, Telegram) - егер сіз өз эмоцияңызбен бөліскіңіз келсе немесе сіз сторителлинг жанрын жақсы көрсеңіз жеке блогты таңдағандарыңыз дұрыс, өз аудиторияңыз кез келген жерден міндетті түрде табылады. Телеграм болсын, инстаграм болсын бәрі эмоцияға берілетін орын, соңғы уақытта саяси блог арқылы тез көтерілуге болатына көзім жетті. Сондықтан егер жеке блогыңызды дамытқыңыз келсе, ішіндегіңіздің барлығын әлеуметтік желіге ақтарып шығаруға дайын болыңыз. Жарнама берушілер міндетті түрде сіздерге табылады. Жеке блог арқылы айына 50 000 теңгеден жоғары табыс табуға болады.

 

MMM маманы - Message Media Marketing (Болашақ тренді) - бұл мамандық әзірге потенциалы жоғары болып табылады, дәл қазір МММ маманы тек қара базарда ғана жұмыс жасап жатыр, яғни заңсыз түрде спам жіберіп табыс тауып жатыр, болашақта WhatsApp, Telegram мессенджерлері заңды түрде хат тарататын функциясын іске қосса үлкен мамандықтың иесі болып атанып қаймағын алуға болатына кәміл сенемін.

 

Ал енді досым, осы мамандықтың біреуін таңдап алғашқы фундаменттерін алып немесе фундаментің болса кәсіби деңгейге дейін шығуға тілектеспін. Егер мақала ұнаса достарыңмен бөліс, керек болып қалар.

 

 

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...