Маркетинг терминдерінің қазақша библиясы I

Маркетинг терминдерінің қазақша библиясы I

17.11.2019 / 16:17

Байқаған шығарсыздар біздің KMS CHAT та көптеген терминдермен сөйлесіп жатамыз, кей адамдар түсінбей Не чат мынау!? Не қандай әңгіме құрып жатырсыңдар!? Мүлдем түсініксіз!? деген сияқты сөздерді көріп жатамын.

Сол үшін мына мақаланы терминдердің түсінікті қысқаша баламаларын жазып шығуға бел будым, ал енді жақсылап отырып алып оқыңыздар.

 

Оффер - бұл дегеніміз, қазақ тіліне аударғанда ұсыныс, яғни сіз бір кісіге үй салайық, мен саған ақымды беремін десеңіз бұл «Оффер» яғни ұсыныс, интернет әлемінде неше түрлі ұсыныстардың түрлері бар, ол тауардан бастап - тіптен үйленуге дейін ұсыныстардың барлығы оффер деп аталады.

 

Трафик - мысалы көшеде жүріп бара жатқан бірнеше автокөліктерді трафик деп атауға болады, бір магазинге бірнеше адам кіріп шығып жүрсе ол трафик болып саналады, сайтыңа кірген немесе бірнеше адамды кіргізсең ол трафик болып саналады.

 

Арбитраж - сотпен шатыстырмаңыздар! Интернеттегі арбитраж, ол алып сату, яғни интернет арқылы бір тауарды өткізіп оған сыйақы беретін болса, оны арбитраж деп атайды.

 

Товарка - тауар сату, интернет арқылы өткізіп кәсіп жасап жүрген адамдарды - товарник, ісін - товарка деп атайды.

 

Коммьюнити чат - ағылшын тілінен шыққан «community» яғни бірлестік, бір оймен жиналған адамдардың отыратын орнын - коммьюнити чат деп аталады, біздің жағдайда қазақ тілді маркетинг чаты болып KMS чатты атауға болады.

 

Рекламодатель -  көбіне CPA желісінде тауардың иесі ретінде айтылады, кәдімгі өмірде тауар сатушы оптовиктерді айтады.

 

CPA (Cost per action) - сайттағы іс қимылға төлем жасау, бұл арбитражниктердің (делдалдардың) және рекламодательдердің бас қосатын орыны. Бұл жерден арбитражник рекламодательге клиент әкеліп береді. Рекламодатель әрбір клиентке тауарды жіберіп отырып, сатылым санын бақылап отырады.

 

CTR (Click-through rate) - Кликтердің көрсеткіші болып саналады, CTR= Қанша клик/Көрсетілім саны * 100% формуласымен есептеледі.

Мысалы: Сәрсенбай ағаның дүкенінің сыртындағы баннерді 10 адам көріп, 2 адам кірсе, Сәрсенбай ағаның баннерінің көрсеткіші 20%

 

CPM (Cost Per Millennium) - сіздің жарнамаңыздың 1000 адамға көрсетілген бағасы.

Мысалы: Мәулен ағаның суретін Алматының қақ ортасына іліп қойып 1000 адам көрсе, сол көрінген 1000 адамға 2$ алынса. CPM-нің бағасы - 2$ болады.

 

SMM (Social Media Marketing) - әлеуметтік желі парақшалары арқылы тауар немесе брендтің атын таныту моделін SMM деп аталады.

 

САС (Customer Acquisition Cost) - бүкіл жарнама шығының кеткеннен кейінгі - бір клиенттің құны. Мысалы сіз жарнамаға 10 000 теңге жұмсадыңыз, 13 тапсырыс түсті, оның ішіндегі 3 клиентіңіз сіздің тауарыңызды алудан бас тартып, қалған 10 алса, әр клиенттің құның - 1000 теңгеден тұрады. Бұл модельді көбіне қолданатын жеріміз,

 

LTV (Lifetime Value) - бұл сіздің клиентіңіздің барлық уақытындағы түсіретін пайда мөлшері. Мысалы Әскербек дейтін жігітті сіз таргетті жарнамаға 5000 теңге құртып, тарттыңыз. Әскербек ертеңінен сіздің дүкеніңізге келіп бар жоғы 100 теңгеге иіс сабын алып кетті, дәл сол иіс сабын Әскербекке ұнап қалып, бір аптадан кейін сізден бір үлкен қорабын 5000 теңге ге алып кетті, кейін ол жігіт төртінші аптада сіздің дүкеніңізден тағы да 5000 теңге ге сауда жасап кетті, сонда сіз жарнама шығынымен есептегенде 5000 теңге құрттыңыз, ал Әскербек сізден толығымен санағанда 10 100 теңге ге сауда жасап кетті, бір айдағы сізге қалатын Әскербектен таза пайдасы 5100 теңге - LTV деп осыны атайды.

P.S бұл LTV дің түр түрі бар екенін ескертемін.

 

ROI (Return On Investment) - көбіне маркетинг саласында қолданылатын термин, мысалы Әскербек таргетті жарнамаға өзінің тақиясын шығарды, тақияның өзіндік құны 1000 теңге, Әскербек дәл сол тақияның 3 данасын сатып 3000 теңге тапты,  жарнамаға кеткен шығыны 1000 теңге. Формуласы былай:

ROI = ((ПАЙДА - ЖАРНАМА ШЫҒЫНЫ) / ЖАРНАМА ШЫҒЫНЫ) * 100%

 

(3000 - 1000/ 1000) * 100% = 200%

Сондағы  ROI 200%

 

Профит - маркетингте көп айтылатын терминдері, таза пайданы айтатын терминдердің бірі. Мысалы Сәрсенбай барахолкадан нәски 2000 теңгеден алып, жоғары жаққа 4000 теңгеден сатса, таза пайда бұл жерде 2000 теңге, ал біздің жағдайда профит 2000 теңге деп айтылады.

 

Клик - сайтты, баннерді немесе сілтемені басып кірсеңіз бір клик болып саналады. Клик терминін көбіне маркетинг саласындағы адамдар (Вебмастер, аналитик т.б) көп қолданады. Мысалы Әскербек kuatkubenov.kz сайтының баннерін көріп бір рет тышқанның үстінен басса, оны бір клик болып есептейді.

 

Хост - (көп баламалары бар, біз маркетинг жайлы айтамыз) бұл бір IP адрес арқылы кірген адамның есептеуі. Мысалы Әкімжан ұялы телефонымен kuatkubenov.kz сайтына кірсе, біраздан соң компьютерімен, ноутбугімен кірсе мұның барлығын - 1 хостқа есептейді.

 

Хит - көбіне өлең, видеоны ХИТ деп жатады, негізі түпкі мағынасы осы интернет терминдерінен шыққанын көбі біле білмейді, әрбір файлға сұраныстың, интернет бетінің сұранысының өлшемін ХИТ деп атайды. Мысалы Батырхан Төреғалидің өлеңін және оның видеосын іздеп сайтқа кірсе - оны бір хит болып есептейді.

 

Охват - сіздің жарнамаңызды көрген адамдардың барлығын осы Охват арқылы есептейді, мысалы Ратбек сіздің жарнамаңызды 3 рет көрсе, бұл 3 охват болып есептеледі.

 

Бюджет - сіздің толық ақшаңызды бюджет деп атайды. Айтуардың жарнамаға жұмсайтын 5000 теңгесі бар, бұл жерде Айтуардың 5000 теңге бюджеті бар деп есептеледі.

 

Биллинг - сізге берілетін жұмсауға бюджеттің есебін биллинг деп атайды. Мысалы Facebook сізге ең басында 2$ биллинг беруі мүмкін, кейін егер жақсы төлеп отырсаңыз сізге 500$ ға дейін қарызға бере алады.

 

Препей - бұл алдын ала ақшаны толтырып қоясыз, мысалы сіз Билайнға бірліктер салып сөйлесуді Препей деп аталады.

 

Постпей - бұл кейін төлеуге болатын бюджетті айтады, Facebook та көбіне VISA немесе Mastercard тіркеп қоясыз, одан жәймендеп алып тұрса постпей деп аталады.

 

Фан пейдж - Facebook тің ішінен ашылатын парақшаны Фан пейдж деп айтады.

 

Лендинг (посадочная страница) - бір беттік сайтты айтады, көбіне бір тауарды сататын адамдар осы лендинг деп айтады, ол лендингте бір тауар туралы көптеген ақпаратты беріп, сатуға итермелейтін триггерледі қолданатын сайт.

 

Прелендинг - мұны көбіне дәрі дәрмектерге қолданатын сайт, прелендингтің басты мақсаты тауарды сату, көбіне бір адамның оқиғасын жазып, тауарды сатып алуға итермелейтін сайт. Фейсбук таргетте көрген шығарсыздар, бір қария құлпынай егіп байып кеткен туралы оқиғаны, ең астын оқып қарасаңыз құлпынайдың тұқымын сатқан.

 

Айпи (IP) - кез келген құрылғының өзіндік мекен жайы болады, ұялы телефоныңыздың өзіндік айпи мекенжайы болады, 2ip.ru сайтына кірсеңіз 192.168.1.1 деген сияқты мекен жайы болады.

 

Сервер - (хостинг, VDS, VPS) түсініксіз сөздер иә, оп оңай баламасын сізге айтып берейін сізге, сервер дегеніміз интернетке қосылған онлайн флешка, онда сіз суреттеріңізді, файлдарыңызды сақтап қоятын жер.

 

Домен - сервер сіздің аулаңыз болса домен дегеніміз үйіңіздің мекен жайы. Мысалы kuatkubenov.kz , vk.com, facebook.com  бұларды домен деп аталады.

 

Бан - бұғаттау деп атайды, мысалы Инстаграм ережесін бұзып бұғаттаса бұны БАН деп атайды.

 

Паблик - инстаграм, facebook, vk дағы парақшаны айтады.

Тағы да терминдердің қазақша, түсінікті баламаларын алдағы уақытта салатын боламын. Егер осы түсініктемелер ұнаса, достарыңызбен бөлісіңіздер.

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...