Тауарка vs Арбитраж

Тауарка vs Арбитраж

06.06.2020 / 18:15

Қалайсыздар достар, дәл қазіргі таңдағы интернеттен табыс әкелетін бизнестердің түрі өте көп, соларды қазір талдап саралайық, минустерімен плюстерін анықтайтын боламыз, әрине шағын ғана блогымызда бәрін айтайық, пафосты инстаграм мен тикток, т.б форумдарға салмай ақ, ескі де сенімді сайтымызға осы ақпаратты салып отырамыз, ал енді жақсылап отырып алыңыздар, ал біз бастайық:

 

Тауарка - барша күллі әлем (Товарка) деп атаушы еді ғой, біз тауарка деп атайық. Енді бұл кәсіп түрінің ең шарықтаған кезеңі 2015-2018 жылдары мықты болушы еді, аппрув та, адамдардың сенімі тауарға деген артқан еді, қазір жағдай мүлдем бөлек, жылдан жылға тауардың аппрувы өте қатты түсіп кетті, оған кінәлі көптеген тауар сатушылардың ұятсыздығы, тауардың орнына сабын немесе кірпіштің, тіпті құмды да салып жібергеніне куә болдық, бұл дегеніміз халықтың бұл бизнеске деген сенімнің түсуі болып табылады, бірақ уақыт өте келе бұл бизнесте тек шынайы жұмыс жасайтындар қалады деген үміттеміз. Дәл қазіргі сәтте біздің Қазақстанда тауар бизнесін бастауға ең оңтайлы сәт деп білеміз, өйткені бұл нишада бәсекелестердің аздығы және Қытай мемлекетінің бізге жақындығы жақсы жағынан әсер береді. Ал енді плюсі мен минусына келсек:

 

Плюстері:

- Бүкіл табыс өзіңізге байланысты, яғни қалай жұмыс жасадыңыз солай табыс табасыз

- Табыстың басым көпшілігі сіздің қалтаңызда қалады

- Мұны масштабтау және бастау оп оңай (кішкентай суммамен бастап 50 мың теңгемен де бастауға болады)

- Қазпоштамен жұмыс жасай аласыз, дәл қазіргі таңда Қазпошта барлық ауылдарда бар

- Барлық тауардың сапасын өзіңіз тексеріп ала алу мүмкіндігі бар

- Курьерлік компаниямен оп оңай келісім шартқа отыра алу мүмкіндігі

- Шынымды айтсам Қазақстанда лидтің бағасы өте өте өте арзан + жарнама бағасы да өте арзан

- Конкуренцияның жоқтығы

- Тауар түрінің көптігі

 

Минустері:

- Ең үлкен минус, ол халықты сендіру, яғни тауарыңның сапасына деген сенімсіздік

- Адамдар тапсырыс бере тұра, поштадан алмауы, адамдардың жауапкершілігі аздығы

- Колл центрге мықты мамандардың жетіспеушілігі

- Қазпоштаның өте баяу жұмыс жасауы

- Брендке жұмыс жасай алмайсыз

Менің басымнан өткені осы, мүмкін минус болса қоса жатарсыз :) Ең бастысы сіз халықты алдамай, адал, жүйелі түрде жұмыс жасай алсаңыз сізге үлкееен табыс таба аласыз, алдағы уақытта KMS (Kubenov Marketing School) осы тауаркадан жақсы курс жасап шығарамыз.


Арбитраж - әттең ай бұл туралы роман емес эпопея жазуға болады ғой, арбитраж жайлы көптеген мақалалар, чатта қызу талқыға түсетін тақырыптардың бірі ғой, тіпті біз де Батырхан екеуіміздің авторлық курсымыз бар, жарайды өз өзімізді жарнамалай бермей бұл туралы қысқаша ақпарат бере кетейік. Бұл арбитраж да сонау ежелгі ВК заманын да басталып, қазіргі ФБ мен ТикТок деген бәледе жалғасып жатыр. Арбитраж деген не вообще?! Сотпа әлде прокурор ма деп сұрайтын адамдарға айтайын, Арбитраж ол - интернеттегі делдалдық қызмет, сіз біреудің тауарын сатып берсеңіз, ол сізге үлесін беріп отыратын схема. Мысалы сіз Қуаңдария деген ауылда отырып, Парагвай немесе Бразилиядағы тауарды Фейсбук арқылы жарнамалап және сатып білсеңіз сізге табыс түсетін болады. Ал енді плюсі мен минусына келсек:

Плюстері:

- Кез келген жерден, яғни интернеті тұрақты жерде жұмыс жасай аласыз

- Тауар поштадан алған алмағанына басыңызды ауыртпайсыз

- Табысты $ мен алуға мүмкіндігі бар, қазіргі курспен тіптен тамаша

- Жоғары да айтқандай Қуаңдарияда жатып алып, Коста-Рика немесе Гондурас мемлекетіне жарнама жібере аласыз

- Үлкен коммьюнити бар, арбитраж туралы ақпараттар интернетте толып тұр

- Үйден шықпай табыс табуға болады, пассивті табыс ретінде өте жақсы ниша

 

Минустері:

- Бастапқы білімсіз, үлкен минусқа кіру ықтималдығы жоғары

- Жарнама құралдарының бірден өзгеруі, ережелердің өзгеруі

- Әрдайым жаңалықтардан қалмай отыру қажет

- Кей тауарларының сапасыздығы

- Бастапқы да ешқандай білімсіз, бір екі рет бан алғаннан кейін рухтың түсуі

 

Екі кәсіптің де өзіндік плюсі де минусі бар, бірақ екеуімен де айналысуға тұрарлық! Кеңесім екеуін бірдей аламын деп машықтанбаңыз, қазақта сөз бар ғой «Екі қайықтың басын ұстаған - суға кетеді» деп сондықтан біреуін таңдаңыз, ерік өзіңізде! 

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...