Инстаграмнан ақша табу жолы

Инстаграмнан ақша табу жолы

19.11.2022 / 03:16

2023-те инстаграм арқылы қалай табыс табуға болады?!

Шабытым кеш келгені соншалық, ақпан айында уәде еткен постымды енді шығарып жатырмын.
2023-де инстаграмнан табыс табу мүмкін бе?! Сіздерге айтайын инстаграмнан табысты 2024,25,26 жылда да табуға болады, әрине ол күндерге де Аллаһ Тағала жеткізсе!

Қазір мен не істеймін, қолымда ештеңе жоқ, елдер инстаграмнан ТикТок-қа секіріп жатыр деген алып-қашпа әңгімелер естіп жатамын, иә Инстаграмнан ТикТок-қа елдер миграция жасап жатырғаны бәріне мәлім, бірақ ол жақтың аудиториясының психологиясы әр түрлі. Мысалы инстаграмға адамдар не үшін кіреді, көп пост оқу үшін, біреудің суретін көру үшін, адамдардың стористерін көру үшін т.с.с 
Ал ТикТок-қа не үшін кіреді, миын демалдыру үшін, қарбалас сәттерден шамалы болса да алыс кету үшін кіреді, сондықтан әр контентті қабылдаудың екі дүние екенін қабылдағанымыз абзал.

Ал енді тақырыпқа қайта оралайық, 2023 те инстаграм арқылы қалай табысқа шығуға болады ?! Табыс көзі үшке бөлінеді, тауар сату (инфобиз, тамақтану да кіргіземін), қызмет көрсету, тікелей жарнама сату.

Тауар сатуға нені кіргізсек болады:
 Киім-кешек, үйге керекті заттар, тұрмыстық техника т.с.с бағыттар кіреді
Баяғыдай киімнің фотосын салып, әдемі фотосет жасаған контенттің қасына, тірі контент қосылуы тиіс, яғни бір адамды "лицо" есебінде ұстап, киімдерге "обзор" түсіріп, парақшаны қызықты қылып жүргізу қажет. "Лицо" дәл қазір өте қатты маңызды.
Мысалы айфонды кезінде Стив Джобс арқылы танысақ, дәл қазір Тесланы Илон Маск арқылы танимыз, дәл қазір осы тренд кішігірім дүкенге де жүргізіп, өз саудасын  көтеретін контент болып есептеледі. Бізде дәл солай кішігірім кафені жүргізіп, саудасын бірнеше Х-ке көтерген бірнеше кейстеріміз бар. Қызметке де дәл қазір осындай контенттермен өз "қызметіңізді" сата аласыз ?

Ал тікелей инстаграм арқылы қалай табамыз дегенге жауап:
Баяғы біз копипаст жасап өз пабликтерімізден айына 300 мыңнан бастап табыс табатынбыз, яғни серіктестік бағдарламалар арқылы, схемасы оп-оңай біреудің тауарын саламыз, сол салғаннан өз % аламыз, бір тауарға 2000-3000 тг алатынбыз, ал қазір ше?! 
2023-те инстаграмның өзінен қалай табыс табамыз, бізге кім төлейді ?! 
Иә иә ешкім аузыңызға ақшаны салып бермейді, жыл сайын трендтер өзгеруде, мысалы 2018-19 жылғы контент қазір мүлдем өтпейді, сол сияқты заман ағымына сай, трендке сай өзгеріп отырғанымыз абзал. Бірнеше бағытты сізге жаза кетейін:

Тематикалық парақша - арқылы жақсы табыс табуға болады, бірақ контенттің авторы сіз болуыңыз керексіз, барлық бейнероликті өзіңіздің қолыңыздан өтіп, барлық дүние сіздің қолыңыздан шығуы тиіс. Қазіргі біздің ZTB парақшасына қарап алсаңыздар болады.

Жеке блоггинг - әрине өз ойыңызды шағын экран бетіне түсіре білсеңіз, жақсы, қатесіз, сауатты посттарды жаза білсеңіз, ең бастысы тұрақты, сіз өз оқырмандарыңызды табатыныңыз сөзсіз, әрине оқырман жинаудың да өз қыр-сыры бар, мұны бір постпен қалай жинау керектігін жазу әрине қиын, мүмкін YouTube-те скринкаст немесе бейнероликпен жеткізермін.

Иә иә, әр тақырыптың өзі өте ауқымды ақпарат бар, бұны да бір постпен жеткізу қиын, мұны да ескере кеткен жөн, жалпы алдағы уақытта "Инстаграм"-ға арнайы плейлист құрып, бейнероликпен жеткізетін боламын. Инстаграм өлді деген скептиктерге айтарым, инстаграм өлген жоқ, өлмейді-де ? Цукер ағамыздың көзі тірі кезінде, Мета (Facebook, Instagram, WhatsApp) ешқашан өлмейді. Сондықтан Инстаграмға кіремін деушілер болса, дәл қазір бастаңыздар, оқырмандарыңызды жинаңыздар, ештен - кеш жақсы!  Ал осы мақала ұнаса достарыңызбен бөлісіңіздер!?

 

P:S мына сурет 2015-те алғаш миллион теңге тапқан кездегі сурет!

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...