2023-тегі жеке бренд

2023-тегі жеке бренд

28.12.2022 / 19:13

Жеке брендинг алдындағы посттарда маңыздылығын айтып кетіп едім, осы жолы тереңірек шолып өтейін деп шештім.
Қазнетте, жалпы Қазақстандық интернет кеңістігінде жеке бренд жайлы айтпаған адам қалмаған шығар, тас лақтырсаң - бренд мамандарына тиетін еді ?
(Жәй қалжың ғой)

Жеке бренд бізге не үшін керек ?! Интернетте көптеген кісілер өз жеке бренді арқылы жақсы табыс тауып жатырған адамдардың көбін танимын, білемін. Сапалы дүние жасап, сапасына мін таба алмайтындай дүниелер жасап, халықтың батасын алып жатырғаны азаматтар бар, 
"Әрбір итке - сүйек қарыз" адамдар да бар, өзінің жеке бренді арқылы адамдарды сан соқтырып, болмашы курсын тығып, курсынан керегін алмай, ақшасын қайтара алмай жүргендер де бар.

Жеке бренд - сізге тек курс, тауарыңызды, қызметіңізді сату үшін ғана емес, сізге "статус" әкелетін құрал, конкуренттеріңізден алдында ерекшеленетін дүние.

Мысалыға сіз Volvo S60 көлігімен Toyota Camry 70 екеуін сізге таңдауға әкеліп тұр. Сіз қайсын таңдар едіңіз ?! Осыны оқыған қазақтар болса 90% аса Камриді таңдар еді, неге ?! Өйткені Қазақстанда Камридің брендингі өте жоғары, бәрі мақтайтын көлік, ал былай келгенде "Вольво" көлігі Еуропада ең қауіпсіз көлік болып есептеледі, жалпы рейтингте Вольво көлігі мықтырақ болып келеді. Сіздің де жеке брендингіңізбен мықтылап жұмыс жасасаңыз, сіз конкуренттеріңізден ерекшеленесіз. Талай мықты мамандарды білемін, олар мықты маман, өз шаруасына мығым, бірақ жеке брендингі жоқ, жәй пәлсапсын қуып жүрген - қатардағы маман болып қала береді. 

"Сен брендтің артынан қума - бренд сенің артынан қуу керек" - әрине дұрыс жағынан бұл ?
Қуат мен неден бастайын, жеке брендті қалай бастау керек. Бұл оп-оңай! 

Ең бірінші:
ТикТок, YouTube каналдар ашып, бар білетін нәрсеңізді айтып салу, ұялы телефоныңызбен бастай беріңіз де болады, дәл қазір қолыңыздағы iPhone - Canon-ның мықты құралдарынан кем түспейді. 

Екінші:
ТМД(Ресей, Украина) АҚШ-та, сіздің бағытыңызда жұмыс жасайтын адамдарды тауып, соларды бақылап, керек жерін алсаңыз болады. (Толық көшірмеңіз)

Үшінші:
Камерадан қорқуды жеңу, әрине көз "қорқақ - қол батыр". Камерадан қорқынышты жеңудің бір жолы - тұрақты практика, күнделікті видеоға өзіңізді түсіріп, дайындалыңыз! "Рим - бірден салынған" жоқ, сол Рим сияқты өз образыңызды тауып, өз қорқынышыңызды уақытымен жеңесіз.

бөлісу бөлісу бөлісу
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...